Байғанин ауданында халық игілігіне бағытталған жаңа жобалар қолға алынды

Байғанин ауданында халық игілігіне бағытталған жаңа жобалар қолға алынды

Байғанин ауданының әкімі Айбек Көпенов Мемлекет басшысымен қолға алынған ұлттық жобалардың жүзеге асуы және облыс әкімінің халықпен кездесуде берген тапсырмалары аясындағы жұмыстарды айтып берді.

Ауданда тұрғындардың тұрмыс сапасын жақсартуға бағытталған бірқатар ауқымды жоба жүзеге асырылуда.

Жол жөндеу және салу:
🔹 2025 жылы 83,3 шақырым жолды қамтитын 6 бағытта орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде.
🔹 9 ауылішілік көше мен аудандық маңызы бар жолдарда жаңарту және қайта салу жұмыстары атқарылуда.
🔹 Жолдармен қатар, жарықтандыру жобалары да қарқынды іске асуда (202 дана көше шамы орнатылды).

Әлеуметтік нысандар құрылысы:
🔹 Қарауылкелді ауылында өрт сөндіру депосы, 400 орындық мәдениет үйі және 100 орындық кітапхана құрылысы басталды.
🔹 Ноғайты ФАП, Оймауыт пен Дияр медициналық пунктері жаңартылып, пайдалануға берілді.
🔹 Аудандық спорт мектебі мен Дияр ауылындағы спорт залы, Қопа ауылындағы парк жаңартылды.

Су және газ инфрақұрылымы:
🔹 Баршақұмда 7 430 м су құбыры желісі салынып жатыр.
🔹 Аудан тұрғындарының 83,5%-ы көгілдір отынмен қамтылды.
🔹 Қаражар, Оймауыт, Қораши ауылдарында газ тарту жұмыстары жүргізілуде.
🔹 Қосымша 10 елді мекенді газдандыру жобасы жоспарда бар.

Демеушілікпен жүзеге асқан жобалар:
🔹 Қопада саябақ абаттандырылып, ескерткіш орнатылды.
🔹 Дияр мен Көлтабанда әлеуметтік нысандарға қолдау көрсетілді.

Айбек Көпенов бұл жобалар – ауылдық инфрақұрылымды дамыту, тұрғындар өмірін жақсарту және заманауи әлеуметтік орта қалыптастыру бағытындағы нақты қадамдар екенін алға тартты.