Еске салайық, еліміздегі жоғары оқу орындарында өңірге қажет мамандарды даярлау үшін 40 орын бөлінді.
Бүгін облыс әкімі Асхат Шахаровтың төрағалығымен жергілікті бюджет қаражаты есебінен жоғары білімі бар мамандарды оқытуға грант бөлу бойынша комиссия отырысы өтті.
Комиссия 40 грант бойынша мамандарды даярлайтын жоғары оқу орындарына дауыс берді. Нәтижесінде мемлекеттік тапсырыспен 5 ЖОО жұмыс істемек. Яғни, талапкерлер Ақтөбедегі Қ.Жұбанов Ақтөбе өңірлік университеті, Астанадағы К.Бәйсейітова атындағы Қазақ ұлттық өнер университеті, Алматыдағы Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы, Қ.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті, Қазақ спорт және туризм академиясы, Орал қаласындағы Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетіне құжат тапсыра алады.
Комиссия мүшелері талапкерлердің біліміне, яғни ҰБТ мен емтихан нәтижелеріне басты назар аударады.
Құжаттар 16,17,18 тамызда Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің ғимаратында 9:00 ден 18:00 ге дейін қабылданады.
Конкурсқа қатысу үшін құжаттар тізбесі (түпнұсқа мен көшірме болу қажет):
Осы гранттарға оқуға түсуші әрбір тұлғамен 3 жақты (ЖАО-ЖОО-студент) келісімшарт жасалады, оқу бітіргеннен кейін өңірдегі кадр тапшылығы орын алған жерге жолдамамен барып, келісімшарт негізінде 5 жылдан кем емес уақыт жұмыс жасауы қажет, яғни білім алған мамандар кейін белгіленген орында еңбек етуге міндетті.