Ақтөбе облысында жылыту маусымына дайындық жұмыстары бекітілген кестеге сәйкес жүріп жатыр

Ақтөбе облысында жылыту маусымына дайындық жұмыстары бекітілген кестеге сәйкес жүріп жатыр

Ақтөбе облысында әлеуметтік сала нысандары мен инженерлік желілерді жылыту маусымына дайындау жұмыстары бекітілген кестеге сәйкес жүргізіліп жатыр.
Бүгінде облыс бойынша жалпы дайындық деңгейі— 40 пайыз.
— 633 қазандықтың 282-сі дайындалды, бұл дегеніміз — 45 пайыз. Су-кәріз желілері 44 пайызға дайын, жоспарланған 32,9 шақырымның 14,4 шақырымы жөнделді. Жылу желілерінің дайындығы 25 пайыз болса, 7,1 шақырымның 1,8 шақырымын жөндеу жұмыстары аяқталды. Жалпы ұзындығы 830 шақырымнан асатын электр желілері 20 пайызға жаңартылды. Сондай-ақ әлеуметтік саладағы 1065 нысанның 436-сы жөндеуден өтті, —деді облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасының басшысы Арысұлан Айтбаев.
Биыл жанар-жағармай мәселелеріне көп көңіл бөлінеді. Жаңа жылыту маусымында бюджеттік ұйымдардың қажеттіліктері үшін 21 мың тоннадан астам көмір және 1,2 мың тоннадан астам дизель отыны қажет. Тұрғындар үшін 19 187 тонна тұрмыстық көмір дайындалуға тиіс. Жеткізу тамыз айынан басталады, көмірдің негізгі бөлігі жылыту кезеңі басталғанға дейін әкелінеді.
Сонымен қатар коммуналдық кәсіпорындардың нысандарында жөндеу жұмыстары жүргізілуде. «Ақтөбе ЖЭО» АҚ-да жөндеуге жататын 13 қазандықтың 7-сі аяқталды.
Бүгінде 6 турбоагрегаттың 4-еуі жөнделді. Қалған қазандықтар мен турбиналар кестеге сәйкес іске қосылады. Жұмысты жылыту маусымы басталғанға дейін аяқтау жоспарланып отыр.
«Aqtobesu-energygroup» АҚ кәсіпорнында ағымдағы жөндеу жүргізілуге тиіс 27 қазандық бар, оның 10-ы ретке келтірілген. 1,5 шақырым жылу желілеріне күрделі жөндеу жүргізілген, бұл— жоспарланған көлемнің 36 пайызы. Сондай-ақ су-кәріз желілерінде де жұмыстар жүргізілуде: жөндеуге жататын 16,1 шақырымның 7,8 шақырымы (48%) ретке келтірілген.
Жөндеу науқаны «Энергосистема» ЖШС-ында да жалғасуда. Биыл барлығы 833 шақырымнан астам электр желілерін қалпына келтіру жоспарлануда. Оның ішінде 255,8 шақырымға — күрделі жөндеу, 577,5 шақырымға қайта құру жүргізілмек. Қазіргі уақытта жалпы көлемнің 20 пайызы немесе 167,8 шақырым электр желісі қалыпқа келтірілген.