Жануарлардың аса қауіпті ауруларына қарсы профилактикалық және диагностикалық шаралар бекітілген жоспарға сәйкес жүзеге асырылуда.

Жануарлардың аса қауіпті ауруларына қарсы профилактикалық және диагностикалық шаралар бекітілген жоспарға сәйкес жүзеге асырылуда.

Жоспарға сәйкес 2025 жылы үй жануарлары мен құстарға 13 аса қауіпті ауруға қарсы 10 161 443 вакцинациялау шарасы жүргізіледі.

Бүгінгі таңда республикалық қордан 7 520 223 доза вакцина келіп, аудандық және Ақтөбе қалалық ветеринариялық станцияларға жеткізілді.

Облыстағы эпизоотиялық жағдай тұрақты, бұл вакцинация мен диагностикалық шаралардың дер кезінде жүргізілуінің нәтижесі.