Облыс әкімі тыл еңбеккерлерін қала күнімен құттықтады

Облыс әкімі тыл еңбеккерлерін қала күнімен құттықтады

Өңір басшысы Асхат Шахаровқаланың құрметті тұрғындары 89 жастағыБақтыбай Өтемісов пен 94 жасқа келгенЮрий Яковлевич Малышкиндімерекемен құттықтап барды. Балалықкезеңдері мен жастық шақтары ауырәскери және соғыстан кейінгі жылдарментұспа-тұс келген аға буын өкілдеріаймақтың дамуына айтарлықтай өзіндікүлес қосты.

Бақтыбай Өтемісов 1936 жылыВорошилов атындағы колхозда (қазіргіМәртөк ауданы Полтавка ауылы) дүниегекелген. Соғыс жылдары ересек ер адамдар майданға аттанған кездеколхоздағы жұмыс әйелдер мен балалардың мойнына артылды.

«Ол кезде біз бала бола тұра,  ересектермен тең жұмыс істедік: жержырту, егін егу, шөп шабу және майданғаазық-түлік жөнелту де бізге артылған жүкеді.  Мен небәрі жеті жаста едім», - депеске алады Бақтыбай аға.

Ол сұрапыл соғыс жылдары өткенөзінің балалық шағы мен тылдағы қиынөмірін, Жеңіске қосқан үлесі туралыайтып бөлісті.

Асхат Шахаров ардагерге еткен еңбегі, өмірлік табандылығы мен патриотизмніңүлгісі үшін терең ризашылығын білдіріп, тағдыры туған өлкеміздің тарихыменетене байланысқан адамдар туралы естесақтаудың маңыздылығын атап өтті.

Кездесу соңында Бақтыбай ағаарнайы көңіл бөліп құттықтай келгеніүшін алғысын білдіріп, туған қаласы мен оның тұрғындарына амандық, бейбітшілікпен өркендеу тіледі. Үлкендік батасынберді.

Бұдан соң, облыс әкімі Юрий Яковлевич пен Галина Викторовнағабарды. Юрий Яковлевич Байкал сырт өлкесіне қарасты Могоча қаласындадүниеге келген. 1943 жылы оныңтеміржолшы әкесі қызметіне байланыстыөзге 50 отбасымен бірге Ақтөбеоблысының теміржол саласында жұмысістеуге жіберілді. ОсылайшаМалышкиндер отбасы Қазақстанға көшіпкеліп, өз тағдырын осы жерменмәңгілікке байланыстырды.

Юрий Малышкин әкесінің ізін қуып, теміржол техникумында білім алды. Кейін Ташкент теміржол көлігіинженерлері институтын бітірді. Еңбекжолын «Сельмаш» зауытында бастады, кейін техникумда сабақ берді, № 13, 17 және 19 мектептерде еңбек мұғаліміболды. Ардагердің жалпы еңбек өтілі 60 жылдан асады.

Ұзақ жылдық еңбек өтілінде ардагерөнеркәсіп пен білім беруді дамытуға үлесқосып қана қоймай, жас ақтөбеліктерүшін тәлімгер болды. Жұбайы, еңбекардагері Галина Викторовнамен бірге 50 жылдан астам уақыт бойы шаттықта өмірсүріп келеді.

Кездесу барысында облыс әкімі АсхатШахаров Юрий Яковлевичке жанқиярлықеңбегі, өмірлік үлгісі және мамандыққадеген адалдығы үшін алғыс білдіріп, қалатарихындағы осындай адамдардыңүлесіне тоқталды

«Ақтөбенің туған күнінде біз қаланыңіргетасын қалауға өзіндік үлес қосқантұлғаларды  ерекше құрметпен ескеаламыз. Тыл еңбеккерлері ауыржылдарға қарамастан аймақтыңдамуына үлкен үлес қосты. Сіздер-төзімділіктің, еңбекқорлықтың және туған жерге деген сүйіспеншіліктің нағызүлгісісіздер», - деді облыс әкімі Асхат Шахаров.