🔹️Отан қорғаушылар күні мен Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына арналған ұлттық ат спорт түрлерінен дәстүрлі бәйге жарыстары ұйымдастырылды. Шараның басты мақсаты – елдік пен ерлікті ұлықтау, ұлттық спортты насихаттау және жас ұрпақтың бойында патриоттық рухты қалыптастыру.
🔸️Бәйге алаңында өткен бұл дүбірлі доданың шымылдығы салтанатты түрде ашылып, алғашқы сөз Ойыл ауданының әкімі Асқар Қайырғалиұлы Қазыбаевқа берілді. Ол жиналған қауымды қос мерекемен құттықтап, бұл шаралардың тәрбиелік маңызы мен ұлттық бірлікті нығайтудағы рөлін ерекше атап өтті.
🔹️Бәйге – қазақ халқының ерлікке толы тарихымен үндес, рух пен намыстың белгісі. Осы орайда, жарыстың сәтті өтуіне тілектестік білдіріп, ауданның құрметті ақсақалы Амангелді Рамазанұлы Жұманов ақ батасын берді.
Жарыс бағдарламасы үш қашықтық бойынша өткізілді:
Тай жарысы – VI шақырым,
Құнан бәйге – IX шақырым,
Аламан бәйге – XXI шақырым.
🔸️Жарысқа Ақтөбе облысының аудандарынан, атап айтқанда Хромтау, Алға, Мұғалжар, Темір, Әйтеке би, Қобда және Ойыл аудандарынан келген шабандоздар қатысты. Бұл — өңірлік ынтымақтастықтың, ұлттық спортқа деген қызығушылық пен қолдаудың айғағы.
Тай жарысы жеңімпаздары:
III орын – Таупих Әліби, Алға ауданы, Маржанбұлақ ауылы. Бапкері – Омаров Мақсат. Аттың лақап аты – Қоянқасқа.
II орын – Күлімжай Шынтас, Әйтеке би ауданы, Қарабұтақ ауылы. Бапкері – Ақниетов Саламат. Аттың лақап аты – Батыр.
I орын – Назарқұлов Сұлтан, Хромтау ауданы. Бапкері – Жантереков Мәлік. Аттың лақап аты – Қарлығаш.
Құнан жарысы жеңімпаздары:
III орын – Айдынғали Қыдыржан, Ойыл ауданы. Бапкері – Айдынғали Қыдыржан. Аттың лақап аты – Ханшайым.
II орын – Жақсылық Мансұр, Қобда ауданы. Бапкері – Молдашев Адайбек. Аттың лақап аты – Ақкөжек.
I орын – Мұхитұлы Ахмедияр, Ойыл ауданы, Ақшатау ауылы. Бапкері – Мұхитұлы Ахмедияр. Аттың лақап аты – Ақтабан.
⬇️⬇️⬇️