🎗️9 мамыр - Ұлы Жеңіс күні! Бұл күні аталарымыздың өшпес ерлігін, оларға түскен ауыртпалықтар мен қиындықтарға толы сәттерді еске аламыз.
Бұл жадымызда мәңгі сақталатын әр отбасының тарихы.
🎗️Біз бірлік пен зор үміттің арқасында жеңіске жете білдік.
"Берекелі бірлік - бәрін жеңбек" деген ұранды ұстанған қазіргі қазақ елі бейбітшілік пен тыныштықтың жоғарғы үлгісін көрсетіп отыр.
🎗️Бұл ізгі дәстүрді берік ұстанған аудан әкімі Асқар Қайырғалиұлы ардагерлер кеңесінің төрағасы Бақтыгереев Болат және қорғаныс Істері жөніндегі бөлім бастығы майор Ернұр Ерхатұлы бүгін Көптоғай, Сарбие, Қараой, Ақшатау селосында тұратын тыл еңбеккерлерінің үйлеріне барып, жеңістің 80 жылдығына орай мерекемен құттықтай отыра, сыйлықтар табыстады.
🎗️Қарттарымыз өз өмір тарихындағы қызықты оқиғаларымен бөлісіп, аудан әкімі бастаған мекеме басшыларына алғыстарын айтып, баталарын берді.