
Жаңа конкурстық іріктеу нәтижесімен Ойыл ауданының әкімі А.Қазыбаевтың 2025 жылғы 2 мамырдағы № 393 өкімі негізінде Есенаманқызы Айымгүл аудан әкімі аппаратының бақылау және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімінің бас маманы лауазымына тағайындалды.
А.Есенаманқызы 1994 жылы Ойыл ауданы Қараой ауылында дүниеге келген. Білімі жоғары. 2015 жылы С.Байшев атындағы Ақтөбе университетін құқық және экономика негіздері мамандығы бойынша бітірген.
Алғашқы еңбек жолын Ойыл ауданының әділет басқармасында жастар тәжірибесінен өтіп бастаған.
2013-2016 жылдар аралығында Ойыл аудандық әділет басқармасында іс жүргізуші болып жасаған. 2016 жылдан бастап мемлекеттік қызметте жетекші маман, бас маман лауазымдарын атқарған.
Тұрмыс құрған, 2 ұл тәрбиелеп отыр.