АУДАН ӘКІМІ ТЫЛ АРДАГЕРЛЕРІНЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТТІ

АУДАН ӘКІМІ ТЫЛ АРДАГЕРЛЕРІНЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТТІ

️ ️ ⚜️Жеңістің 80 жылдығына орай Ойыл ауданының әкімі Асқар Қайырғалиұлы тыл еңбеккерлерінің үйлеріне арнайы барып, ардагерлерді Ұлы Жеңіс мерекесімен құттықтады.

🎗Аудан басшысы тыл еңбеккеріне жеке барып, мемлекет тарапынан берілген мерекелік медальдар мен сыйлықтарды табыстады. Әр ардагерге жылы лебізін білдіріп, олардың ел үшін атқарған еңбегі ешқашан ұмытылмайтынын атап өтті.

🎗Тыл еңбеккерлері аудан әкімінің арнайы келіп, құрмет көрсеткеніне ризашылықтарын білдіріп, ақ баталарын берді. Жеңістің 80 жылдығы қарсаңындағы бұл тағзым — өткенге деген құрметтің, елдік пен бірліктің айғағы.

🎗Бұл шара – тыл еңбеккерлерінің ерен еңбегін ұлықтап, жас ұрпаққа үлгі етуге бағытталған маңызды қадам болып табылады.