Қоғамдық Кеңес отырысына аудан әкімі Асқар Қазыбаев, аудандық мәслихат төрағасы Сәкен Займолдин, Қоғамдық Кеңес мүшелері, мекеме басшылары, депутаттар және бұқаралық ақпарат құралының өкілі қатысты.
Күн тәртібінде төмендегі мәселелер қаралып, талқыланды:
1.« 2024 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары мен 2025 жылға арналған міндеттері туралы есебі»
Хабарламашы: Аудан әкімі Қазыбаев Асқар Қайырғалиұлы
2. «Ойыл аудандық мәслихат төрағасының 2024 жылға атқарылған жұмыстары туралы есебі»
Хабарламашы: Аудандық мәслихат төрағасы Займолдин Сәкен Ғазизұлы
3. «Аудандық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының 2024 жылы атқарған жұмыстары туралы»
Хабарламашы: Аудандық санитарлық-эпидемиологиялық
бақылау басқармасының басшысы Құбаев Ғарифолла Антонович
Баяндамашыларға сұрақтар қойылып, талқыланған мәселелердің шешімін табу мақсатында аудандық Қоғамдық кеңес тарапынан ұсынымдар жолданды.