
️ ️⚜️Аудан әкімі Асқар Қазыбаевтың төрағалығымен аппарат мәжілісінің отырысы өтті. Отырысқа аудан әкімінің орынбасарлары, бөлім басшылары қатысты.
🔸️Отырыста аудандағы екі айлық санитарлық- абаттандыру жұмыстарын жүргізу және Ойыл аудандық ауруханасының жұмысы қаралды.
🔹️ Ойыл ауданы ауруханасының жұмысы туралы аурухана басшысы Сәндібек Нұрбаевтың баяндамасы тыңдалды.
🔸️Жиын соңында күн тәртібінде қаралған мәселелер бойынша аудан әкімі тиісті сала басшыларына нақты тапсырмалар жүктеді.