
🔸️Бүгін аудан әкімінің орынбасары Саян Сапарұлы Ойыл ауданына көмекке келген Алматы облысы Қонаев қаласының Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Құрлық әскерлері 58012 әскери бөлімінің қызметкерлеріне ризашылығын білдіріп алғыс хатпен марапаттады.
📌Су тасқынының алдын- алу шараларында жедел әрекет ету, тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында атқарған еңбектерін атап өтіп, жауапты қызметтерін атқарудағы біліктіліктері мен жауапкершіліктері үшін алғысын білдіріп, сәттілік тіледі.