КЕЗЕКТІ ШТАБ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

КЕЗЕКТІ ШТАБ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

🔹️Бүгін төтенше жағдайлардың алдын алу жөніндегі штабтың төрағасы, аудан әкімінің орынбасары Сүлеймен Саян Сапарұлының төрағалығымен штаб отырысы өтті.

🔸️Бүгінгі таңда Ойыл ауданының аумағындағы көктемгі су тасқынының алдын алу мақсатында жүргізілген жұмыстар туралы айтып өтті.

🔹️Жиында жазғы маусымдағы далалық өрт жағдайларына жол бермеу бойынша дайындық іс-шаралары пысықталды.

Жиын барысында Саян Сапарұлы мекеме басшылары мен ауылдық округ әкімдеріне коммуналдық қызметтердің үздіксіз қамтамасыз етілуін ескертіп, су тасқының алдын алу және су тасқыны кезіндегі жедел жүргізілуі қажет жұмыстар бойынша бірқатар тапсырмалар жүктеді.