️ ️ ⚜️Сіздерді қасиетті Ораза айт мейрамымен шын жүректен құттықтаймын!
🔹️Бұл мейрам – мейірім мен кешірімнің, ізгілік пен бірліктің, қуаныш пен жақсылықтың мерекесі. Рамазан айында жасаған құлшылықтарыңыз, ізгі амалдарыңыз, шалған құрбандықтарыңыз қабыл болсын! Алла тағала әрбір үйге құт-береке, ырыс-несібе, амандық пен шаттық нәсіп етсін!
🔹️Бауырмалдық пен сыйластық арта берсін, әр отбасының шаңырағы биік, керегесі кең болсын! Тілеген дұға-тілектеріңіз орындалып, жүректеріңіз ізгілікке толы болсын!
Ораза айт құтты болсын!
Ойыл ауданының әкімі;
А.Қазыбаев