Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №152 Жарлығымен бекітілген «Б» корпусының бос немесе уақытша бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына конкурс өткізілместен, ауысу тәртібімен орналасу қағидаларының 2 тармағының 4) тармақшасына сәйкес аудан әкімінің өкімімен Маханова Самал Аскаровна 2024 жылдың 15 шілдесінен бастап «Ойыл ауданы әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесінің бақылау және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімінің басшысы болып тағайындалды.
Маханова Самал Асқарқызы 1982 жылы Ойыл ауылында дүниеге келген. 2004 жылы Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетін «кеден ісі», 2007 жылы Орталық Азия университетін «құқықтану» мамандығы бойынша аяқтаған. Еңбек жолын 2004 жылы Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетінің көпсалалы колледжінде оқытушылық қызметтен бастады. Мемлекеттік қызметтегі еңбек жолын 2009 жылы «Ойыл ауданы әділет басқармасы» РММ-нің жетекші маманы болып бастап, 2021 жылға дейін осы мекемеде басшылық қызметке дейінгі түрлі лауазымдар атқарды. 2021 жылдың қыркүйек айынан бастап «Ойыл ауданы әкімі аппараты» ММ-нің мемлекеттік-құқықтық және ұйымдастыру жұмыстары бөлімінің бас маманы- заңгер лауазымын атқарып келді.