«Әке – бәйтерек»

«Әке – бәйтерек»

Әлемнің көптеген елдерінде отбасылық құндылықтарды насихаттау, отбасы және ата-ана институтын нығайту үшін аталып өтетін «Әкелер күні» мерекесі биылдан бастап, елімізде де ресми мереке ретінде белгіленді.
Осы орайда «Әр бала – отбасының, әр азамат – мемлекеттің көрінісі» деген нақыл сөз бекер айтылмағандай.  Бала тәрбиесі – жеңіл жұмыс емес, онда әкенің де, ананың да ролі  теңдей болуы тиіс. Әсіресе, отбасында әкенің рөлі өте маңызды, «Бір әкенің тәрбиесін - жүз мектеп те бере алмайды» дегендей, ол баласы үшін еліктеудің нағыз үлгісі және ең басты кеңес берушісі.
«Ана - сая болар бағың болса, Әке - асқар тауың демекші, отбасындағы  әкені асқар тауға теңеп, шаңырақта әкенің орны ерекше санаған. Отбасының ұйытқысы, берекесі, мейір - шапағат көзі – әке. Атақты педагог Жан Жак Руссо «Өмірге ұрпақ келтіріп, оны асырау арқылы әке өз міндетінің үштен бірін ғана орындайды. Ол адамзатқа адам, қоғамға қызметкер, мемлекетке азамат беруге міндетті. Осынау үш міндетті орындауға қабілетті бола тұра кімде - кім оны орындамаса айыпты» дегендей, «Әке – асқар тауым» дейтіндей, отбасынан бөлек, мемлекеттік қызметте де үлгі болатындай көп балалы  отбасылар арамызда өте көп. Сондай өнегелі, үлгілі жанұялардың бірі – Ойыл ауданы Сарбие ауылдық округінің әкімі Бисебаевтар отбасы деуге болады.
Бүгінгі күні Дәурен Қаржауұлы жолдасы Гүлсамал екеуі жеті бала тәрбиелеп отырған үлгілі отбасы.  Үлкен ұлы Исламбек Отан алдындағы борышын өтеп жатыр. Әкелер мерекесіне орай Бисебаевтар отбасына асқар таудай Әкелері аман, аналарымен жанұялық бақытқа кенеліп, бақыттары баянды, еңбектеріңе жемісті болғай деп тілейміз. @elgeqyzmet.aqtobe