
Әр отбасы жеке мемлекет. Ол мемлекеттің іргетасын қалаушы, басқарушы - отағасы, әке. Отбасының рухани, материалдық жағынан құлдырамай, мықты болуы әкеге байланысты. Әке ұлы күш пен сабырлықтың иесі іспеттес. Әке баласының физикалық және рухани тұрғыдан мықты болып өсуіне көп мән беру керек. Ұқыптылық, адалдық, мейірімділік, өзгелерге жақсылық жасау секілді адами қасиеттерді әке өзінің іс-әрекетімен көрсетсе бала санасында мәңгі есте қалатыны анық. "Әкелер күні" мерекесі қарсаңында қызмет пен отбасыны тең ұстап жүрген мемлекеттік қызметші-көп балалы әке, білікті басшыны таныстыра отырып, деніне саулық, абыройлы қызмет, отбасына амандық тілейміз. Ол Төремұратов Маулен Оралұлы Ойыл аудандық жер қатынастары бөлімінің басшысы. 15 жылдан бері мемлекеттік қызметте еңбек етіп келеді. Жолдасы Жанаргүл екеуі 1 ұл, 3 қыз тәрбиелеп отырған үлгі тұтар отбасылардың бірі. @elgeqyzmet.aqtobe