ЖАЗЫҚСЫЗ ҚҰРБАНДАРДЫ ЕСКЕ АЛДЫ

ЖАЗЫҚСЫЗ ҚҰРБАНДАРДЫ ЕСКЕ АЛДЫ

Өткен ғасыр қазақ халқы үшін ауыр нәубет пен қасіреттерді, «екінші ақтабан шұбырындыны» кешу ғасыры болды. Тарих қатпарларында қаншама жазықсыз төгілген жас пен аққан қан қалды...
Бүгін Ойыл ауданының халқы да жазықсыз жапа шекке боздақтарды еске алды. Орталық саябақта өткен жиында аудан әкімі Асқар Қазыбаев өткен ғасырдың ащы сабағына тоқталса, аталары қуғын-сүргін көрген Өтеген Сағатов пен Жауынбай Абдрахмановтар әкелерінен естіген әңгімелерін енді ондай зұлмат болмасын деген тілектерімен түйіндеді. Ойыл аудандық мешітінің имамы Сұлтанбек Мұқашев аруақтарға құран бағыштады. Келіндер шелпек таратты. Одан кейін жұртшылық орталық саябақтағы «Саяси қуғын-сүргін құрбандарына арналған ескерткішке» тағзым гүлдерін қойды.