Республика күніне орай 2022 жылдың 15 қазан күні Ш.Берсиев атындағы ауылдық округінде халық емшісі Қарабалаұлы Сүлеймен атаның 115 жылдығына арналған мерекелік іс-шарада ұлттық спорт түрлері (көкпар, аударыспақ, қошқар көтеру) және экстримдік спорт түрі автокөлік сүйреу жарыстары ұйымдастырылып,көкпар додасына Ақтөбе, Шұбарқұдық, Байғанин, Сағыз, Ойылдан келген қала,аудан палуандары қатынасты. Көкпар додасы тұрғындар көңілінен шығып тартысты өтті.Көкпар ойынына 400 мың теңге салым берілді. Аударыспақтан 3 орын Ақышов Айбол(Шұбарқұдық)кенті, 2 орын Ғален Рамазан(Ақтөбе)қаласы, 1 орынға Сағынбаев Арман Ақтөбе қаласының палуаны ие болды. Автокөлік сүйреу жарысынан 3 орын Мүсіров Ермек(Көптоғай) ауылы, 2 орын Сағынбаев Арман(Ақтөбе)қаласы, 1 орын Құсан Қайсар Қаратал ауылының палуаны иеленді. Қошқар көтеруден қатынасқан он бір спортшының ішінен Жабасов Аманбек(Ш.Берсиев) атындағы ауылдық округі жеңімпаз атанды. Ұлттық спорт түрлерінен өткен жарыстарға Қарабалаұлы Сүлеймен атаның ұрпақтары қаржылай демеушілік көрсетті. Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді жеңістерімен құттықтаймыз.