1 қазан халықаралық қарттар күні

1 қазан халықаралық қарттар күні

«Шұғыла» мәдениет және демалыс орталығында 1 қазан «Халықаралық қарттар күні» қарсаңында мерекелік дастархан жайылып, қазыналы қарттарға сый-құрмет көрсетілді. Айтулы шараға аудан әкімі Асқар Қазыбаев арнайы қатысып, барша ақ жаулықты аналарымызбен көнекөз қарияларды мерекелерімен құттықтап, ақжарма тілегін жеткізді. Мерекелік дастархан басында бас қосқан қарттарымыз өнегелі әңгіменің тиегін ағытып, көңілді отырды. Ұйымдастырушы тарапқа алғыстарын білдіріп, еліміздің өсіп-өркендей беруін тіледі.