Құқықбұзушылық профилактикасы комиссиясы өткізілді!

Құқықбұзушылық профилактикасы комиссиясы өткізілді!

Ағымдағы жылдың 30 қыркүйегінде аудан әкімі А.Қазыбаевтың төрағалығымен және аудан прокуроры Н.Жолаевтың, құқықбұзушылық профилактикасы комиссиясының мүшелерінің қатынасуымен кезекті  жоспарлы комиссия отырысы өтті. Күн тәртібіндегі  мал басын бірдейлендіру және мүлікке қарсы қылмыстар тақырыбындағы екі мәселеден басқа отырыста облыс әкімі орынбасарының хатымен жолданған хаттаманы орындау мақсатында  «Балалар мен әйелдер арасындағы суицидтің алдын алу шаралары» тақырыбындағы мәселе тыңдалды. Жол берілген кемшіліктер, олардың себептері мен салдары талданып, алдын алу шаралары туралы бірқатар тапсырмалар мен ұсыныстар берілді.