Әдеп жөніндегі уәкілі Е.М.Тлепов аудан әкімдігінің ғимаратында жастармен кездесу өткізді

Әдеп жөніндегі уәкілі Е.М.Тлепов аудан әкімдігінің ғимаратында жастармен кездесу өткізді

Ағымдағы жылдың 29 қыркүйегі күні Ойыл ауданы әкімі аппаратының басшысы, Әдеп жөніндегі уәкілі Е.М.Тлепов аудан әкімдігінің ғимаратында жастар тәжірибесінен өтуші жастармен кездесу өткізді. Кездесу барысында жастарға мемлекеттік қызмет саласындағы жаңашылдықтар мен өзгешеліктер, аудандағы мемлекеттік қызметтің барысына тоқталып өтті. Сонымен қатар, жастарды мемлекеттік қызметке тарту мақсатында мемлекеттік қызметке орналасу үшін тестілеу бағдарламаларының тапсырылу тәртібіне және мемлекеттік қызметке қалай түсуге болатыны т.б. мәселелер жөнінде түсіндірілді. Кездесу барысында туындаған сұрақтарға тиісті жауаптары беріліп, айтылған ұсыныс-пікірлері қабылданды.