Көптоғай ауылдық округінің мемлекеттік қызметшілерімен кездесу өткізілді.

Көптоғай ауылдық округінің мемлекеттік қызметшілерімен кездесу өткізілді.

Әдеп жөніндегі уәкілдің кестесіне сәйкес Көптоғай ауылдық округінің мемлекеттік қызметшілерімен кездесу өткізілді. Қызметкерлерге Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексінің талаптарын сақтауға шақырып, мемлекеттік қызметтің әдептік қағидаттары туралы айтылды. Сондай-ақ, сыбайлас жемқорлық көріністеріне қарсы тұру мен сыбайлас жемқорлыққа жағдайлар туғызатын әрекеттерге жол бермеуге тиістігі баса ескертілді. Кездесу соңында сұрақтар қойылып, ұсыныстар тыңдалды.