Құрбан Айт - ізгілікті мереке

Құрбан Айт - ізгілікті мереке

Бүгін барша мұсылман қауымы үшін қасиетті мереке - Құрбан Айт басталды. Осы мерекенің құрметіне орай Ойылдықтар орталық "Көкжар" мешітінде таңертең айт намазын оқыды. Ойыл аудандық мешітінің имамы Сұлтанбек Мұқашев айт намазына жиналған жамағатқа айт намазының қадір қасиетін, Құрбан Айт мерекесінің маңызы мен мағынасын түсіндіріп, атқарылатын амалдарды жеткізді. Айт намазынан кейін ауыл ағалары бата берді, айт намазынан кейін аталған мешітте қазақтың ұлттық ойын түрлерінен спорттық сайыстары мен қайырымдылық шаралары өтті. Ауыл ақсақалдарына ас берілді.
"Негізінде Құрбан Айт мерекесі тек ғана құрбандық шалумен шектелмейді. Үш күнге созылатын мерекеде адамдар мейлінше ізгі амалдар жасап, сауап жинап қалуға тырысуы керек. Сонымен қатар, айт күндері адамдар бір-бірінің халін сұрап, сыйлық бергендері де абзал" - дейді Ойыл аудандық мешітінің имамы Сұлтанбек Мұқашев.