
Жобалық басқарудың үлгілік базалық бағыты шеңберінде «Қоғамдық сананы жаңғырту» жобалар тобының міндеттерін іске асыру бойынша кешенді іс-шаралар жоспарына сәйкес ағымдағы жылдың 3 маусымында мемлекеттік қызметшілер күні мерекесіне орай Ақтөбе облысының мемлекеттік қызметшілері арасында «Талап. Еңбек. Терең ой» атты облыстық интеллектуалдық байқауы ұйымдастырылды.
Байқаудың мақсаты: мемлекеттік қызметшілердің мемлекеттік тілдің мәртебесін арттыруға деген өзіндік үлесін айқындау, отансүйгіштікке баулу.
Байқауға облыстық басқармалардың, Ақтөбе қаласы, Әйтеке би, Байғанин, Қобда, Мұғалжар, Мәртөк, Ойыл, Темір, Шалқар, Ырғыз, Хромтау, Қарғалы ауданының және департаменттің мамандары, барлығы 25 мемлекеттік қызметші қатысты.
Ойыл ауданынан Ойыл аудандық кәсіпкерлік және ауылшаруашылығы бөлімінің бас маманы Меруенова Гүлнұр Маяққызы қатысып алғыс хатпен марапатталды.