Ауданға Ақтөбе облысы әкімі аппаратының Әдеп жөніндегі уәкілі келді

Ауданға Ақтөбе облысы әкімі аппаратының Әдеп жөніндегі уәкілі келді

Ағымдағы жылдың 26 мамыры күні ауданымызға жұмыс сапарымен келген Ақтөбе облысы әкімі аппаратының Әдеп жөніндегі уәкілі Р.М.Омарова аудан әкімдігінің ғимаратында мемлекеттік қызметшілермен кездесу өткізді. Кездесуде мемлекеттік қызметшілердің қызмет әдебіне жоғары талаптар қойылатыны атап өтіліп, жаңа Әдеп кодексі мен Әдеп жөніндегі кеңестің негізгі қызметіне тоқталды. Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдебі қағидаттары бойынша: адал ниеттілік, адалдық, әділдік, ашықтық, сыпайылық және клиетке бағдарлану туралы әрқайсысына тоқталып, түсіндірмелер берілді. Кездесуге қатысушылардың ұсыныс-пікірлері тыңдалып, сұрақтарға жауап берілді. Кездесу соңынан жеке қабылдау өткізіп, мемлекеттік қызметшілердің жұмыс орындарымен танысты.