Соңғы қоңырау сыңғыры түлектердің тілегімен үндесті

Соңғы қоңырау сыңғыры түлектердің тілегімен үндесті

Бүгін еліміздің барлық өңірінде соңғы қоңыраудың үні сыңғырлады. 11 сыныпты бітіріп жатқан түлек алтын ұя мектебімен қоштасты. Дәл осындай салтанатты шара Ойыл қазақ орта мектебінде де өтті. Айтулы мектептің алдында өткен шара түлектер мен озаттар және мектеп бітіргендеріне 20 жыл болған түлектер шеруімен басталды. Одан кейін мектеп директоры Шынар Бисенова барша түлектерге сәт сапар тілеп, озаттар мен үздіктерді арнайы мақтау қағаздарымен марапаттады. Әрі қарай аудан әкімі Асқар Қазыбаев аудандағы білім саласы бойынша жан-жақты мәлімет беріп, құттықтау тілегін жеткізді. Сондай-ақ «Анвар» ЖШС-нің директоры жерлесіміз Талғат Салфиковтың мектеп ұжымын тарту еткен 1 миллион теңге сертификатын тарту етті.