ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Ақтөбе облысы бойынша филиалының жетекші сарапшысы Кенжебаев Жанболат Данағалиұлымен кездсу

ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Ақтөбе облысы бойынша филиалының жетекші сарапшысы Кенжебаев Жанболат Данағалиұлымен кездсу

Ағымдағы жылдың 21 сәуірі күні аудан әкімдігінің үлкен мәжіліс залында ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Ақтөбе облысы бойынша филиалының жетекші сарапшысы Кенжебаев Жанболат Данағалиұлының қатысуымен аудан әкімі аппараты, аудандық бөлімдер мен ауылдық округ әкімі аппаратының мемлекеттік қызметшілерімен кездесу өткізілді. Кездесу барысында Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының магистратура және докторантура бағдарламалары негізінде мемлекеттік қызметшілер жоғары оқу орнынан кейінгі білімдерін Академияның магистратура, докторантура бағдарламалары бойынша жетілдіру бағыттары жолдарын, академияда оқудың артықшылықтарын,  аталған бағдарламалар бойынша тапсырылатын қажетті құжаттар т.б. мәселелер жөнінде түсіндіру  жұмыстары жүргізілді. Кездесуде қатысушылар тарапынан туындаған сұрақтарға тиісті жауаптар беріліп, ұсыныстар қабылданды.