Қоғам құқықтық тәртіпті қолдайды

Қоғам құқықтық тәртіпті қолдайды

Ағымдағы жылдың 20 желтоқсанында ауданымызда аудан прокуратурасы аудан әкімдігімен бірлесіп «Қоғам құқықтық тәртіпті қолдайды» атты форум өткізді.
Форумға аудан әкімі мен құқық қорғау органдарының, мекемелердің басшылары, мәслихат хатшысы, құқық бұзушылықтың алдын алу жөніндегі ведомсвоаралық комиссияның мүшелері, қоғамдық кеңес өкілдері, ардагерлер, жастар өкілдері, қоғамдық көмекшілер қатысты.
Форум ауданымыздағы қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың жәй- күйі, олардың алдын алу, болдырмау шарттары талқыланған диалог алаңына айналды.
Форумда аудандық полиция бөлімінің бастығы С.Берекеновтың, жастар ресурстық орталығы басшысы Ж.Изгаринаның баяндамалары тыңдалып, аудан прокуроры Н.Жолаев, тәжірибелі қоғамдық көмекші М.Жайлыбаев, қоғамдық кеңес төрағасы Б.Бисекенов, құқық қорғау органдары ардагері Т.Алданаев өз ұсыныстары мен пікірлерін білдірді.
Құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету құқық қорғау органдарының ғана емес қоғамның да күшін қажет ететіндігі, қоғамдық орындарды, көшелерді патрульдеу, сәтсіз отбасылармен жұмыс, кәсіпкерлік субъектілері, мал шаруашылығы субъектілері, тұрғындармен түсінік жұмыстарын жүргізу арқылы қоғамның құқықтық санасы мен сауаттылығын арттыруға бағытталған жұмыстар кешенін жалғастыру ұсынылды.
Сондай-ақ, форум соңында «Үздік қоғамдық көмекші» және «Құқық бұзушылықтардың алдын алуға жәрдемдескен үздік мекеме» номинациялары бойынша марапаттар табыс етілді.