8 қараша күні елімізде статистика саласының құрылғанына 101 жыл толды. Жалпы алғанда, статистика Үкімет үшін ғана емес, қоғам үшін де маңызды. Себебі, кез келген аймақтық, ұлттық және әлемдік деңгейдегі статистика саяси және бизнес шешім қабылдауда маңызды рөл атқарады.
Осы орайда аудан әкімі А.Қазыбаев аудандық статистика басқармасының мамандарын қабылдап, мерекелерімен құттықтады. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы бойынша жалпы ұлттық халық санағын ауданда уақытылы және сапалы ұйымдастырудағы қажырлы еңбегі үшін бірқатар азаматтарға Алғыс білдірді.