«2021-2022 жылдарға арналған бөтеннің мүлкін ұрлаудың алдын алуға қатысты ведомстоаралық іс-шаралар жоспары» және «2020 – 2025 жылдар кезеңіне арналған жұртшылықты құқық бұзушылықтар профилактикасына тарту жөніндегі ведомствоаралық іс-шаралар жоспары» тармақтарының орындалуын талқылау, қылмыс пен құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында жиын өтті

«2021-2022 жылдарға арналған бөтеннің мүлкін ұрлаудың алдын алуға қатысты ведомстоаралық  іс-шаралар жоспары» және «2020 – 2025 жылдар кезеңіне арналған жұртшылықты құқық бұзушылықтар профилактикасына тарту жөніндегі ведомствоаралық іс-шаралар жоспары» тармақтарының орындалуын талқылау, қылмыс пен құқық бұзушылықтардың  алдын алу мақсатында жиын өтті

Ағымдағы жылдың 20 қыркүйегінде аудан әкімдігінің үлкен мәжіліс залында аудан әкімі А.Қазыбаевтың төрағалығымен және аудан прокуроры Н.Жолаев, аудандық полиция бөлімі бастығының орынбасары Д.Ғалымжанов, мәслихат хатшысы С.Займолдиннің, ауылдық округ әкімдері мен учаскелік полиция инспекторлары және  бірқатар мекеме басшыларының қатынасуымен Ақтөбе облысы әкімімен бекітілген «2021-2022 жылдарға арналған бөтеннің мүлкін ұрлаудың алдын алуға қатысты ведомстоаралық  іс-шаралар жоспары» және «2020 – 2025 жылдар кезеңіне арналған жұртшылықты құқық бұзушылықтар профилактикасына тарту жөніндегі ведомствоаралық іс-шаралар жоспары» тармақтарының орындалуын талқылау, қылмыс пен құқық бұзушылықтардың  алдын алу мақсатында жиын өтті. Күн тәртібіндегі негізгі мәселе 2021 жылдың 8 айында аудан аумағында орын алған қылмыс пен криминогендік жағдайды өткен жылдың осы кезеңімен салыстыра отырып, талдау жүргізу.  Жиында криминогендік аумақтарды патрульдеу қоғамдық тәртіпті сақтаудың басты міндеті болып табылатындығы, құқықбұзушылықтың алдын алуға жұртшылықты тарту  мақсатында аудандағы кәсіпорындар және ұйымдармен қоғамдық тәртіпті сақтауға қатысу бойынша меморандумдар жасау, рейдтер ұйымдастыру,   ақпараттық үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу, видеобақылау қондырғыларының қылмыс пен құқықбұзушылықтарды алдын алу мен ашудағы тиімділігі, бас бостандығынан айыру орындарынан босап келген және пробация қызметі есебінде тұрған азаматтарға әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету бойынша жұмыстарды ұйымдастыру, мал басын бірдейлендіру, мал бағуды ұйымдастырудың қажеттілігін тұрғындар арасында түсіндіру, жастар мен кәмелеттік жаска толмағандар арасында құқықбұзушылықтарды  алдын-алу шаралары және өзге де сұрақтар талқыланды. Жасалған бірқатар жұмыстардың бар екендігін ескерте отырып,  аудан әкімі мен прокуроры тарапынан бірқатар ұсыныстар мен тапсырмалар беріліп өтті.