Көптоғай ауылдық округінің әкімін тағайындау

Көптоғай ауылдық округінің әкімін тағайындау

ТАҒАЙЫНДАУ

         Аудан әкімінің 2021 жылғы 27 шілдедегі №320 өкімімен Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы № 416 «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңының 15 бабы мен 19 бабына және Қазақстан Республикасының 2001 жылдың 23 қаңтардағы №148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 36 бабының 4 тармағына сәйкес Ойыл  аудандық сайлау комиссиясының қорытынды шешімі негізінде 2021 жылғы 27 шілдеден бастап Асылбаев Ерлан Базарбаевич Көптоғай ауылдық округінің әкімі лауазымына тағайындалды.

 

 

Асылбаев Ерлан Базарбайұлы 1975 жылы Ақтөбе облысы, Ойыл ауданы, Көптоғай ауылында дүниеге келді. 1994-1999 жылдары Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік педагогикалық университетінің тарих пәні мұғалімі мамандығын бітірген. 

Еңбек жолын 1992 жылы Қарасу негізгі мектебінде мұғалім қызметінен бастаған.

 2009-2013 жылдары Қарасу негізгі мектебінің директоры лауазымында болды.

2013-2015 жылдары Құрман орта мектебінің директоры қызметін атқарды.

 2015-2017 жылдары Амангелді орта мектебінің директоры болып қызмет жасады.

2017 жылдан қазіргі уақытқа дейін  Көптоғай ауылдық  округінің әкімі болып келеді.  

 

 

Отбасылы 3 қыз, 2 ұл тәрбиелеп отыр