Саралжын ауылдық округінің әкімін тағайындау

Саралжын ауылдық округінің әкімін тағайындау

ТАҒАЙЫНДАУ

 

         Аудан әкімінің 2021 жылғы 27 шілдедегі №319 өкімімен Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы № 416 «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңының 15 бабы мен 19 бабына және Қазақстан Республикасының 2001 жылдың 23 қаңтардағы №148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 36 бабының 4 тармағына сәйкес Ойыл  аудандық сайлау комиссиясының қорытынды шешімі негізінде 2021 жылғы 27 шілдеден бастап Тажигалиев Марат Тлепбергенович Саралжын ауылдық округінің әкімі лауазымына тағайындалды.

 

          Тажигалиев Марат Тлепбергенович 1963 жылы Жетікөл ауылдық кеңесі, Жекенді ауылында дүниеге келді. 1980-1982 жылдары Ақтөбе қаласында ГПТУ-7 оқу орнында көлік жөндеу шебері мамандығын алды. 1982-1984 жылдары Кеңес Армиясы қатарында болды. 

1984-1986 жылдары Ойыл аудандық мамандандырылған шаруашылық бірлестігінде жұмысшы болып еңбек жолын бастады.

1986-1996 жылдар аралығында Саралжын орта мектебінде еңбек пәнінің нұсқаушысы, 1996-2002 жылдары осы мектепте әскери жетекші және география пәні мұғалімі болып қызмет жасады.

2002-2005 жылдары Тайсойған негізгі мектебі директоры лауазымдық қызметіне бекітілді.

2005-2006 жылдары Саралжын ауылдық округі аппаратында бас маман, 2006-2009 жылдары Саралжын ауылдық округі әкімі болып қызметін атқарды. 2009 жылы Ойыл аудандық білім бөлімі басшысы қызметіне тағайындалды.   2010-2017 жылдары Саралжын ауылдық әкімі, 2017-2019 жылдары Саралжын ауылдық әкімі аппаратында бас маман қызметінде болды.

2019 жылдың ақпан айынан бастап Ә.Дербісәлин атындағы Саралжын орта мектебінің директоры болып қызмет атқарып келді.

 

Отбасылы 3 қыз, 1 ұл тәрбиелеуде.