«ADAL» саяси партиясының Ойыл ауданы Саралжын ауылдық округі әкімдігіне кандидат Косбаев Ахметжанның сайлауалды бағдарламасы

«ADAL» саяси партиясының Ойыл ауданы Саралжын ауылдық округі әкімдігіне кандидат Косбаев Ахметжанның сайлауалды бағдарламасы

«ADAL» партиясының кандидаты ретінде, мен жағдайды өзгертудің уақыты келгенін жақсы түсінемін. Біздің балалар балабақшаға немесе мектепке бара алатындай болуы керек, ал біз жұмыс істей алатын немесе өз кәсібімізді ашатын мүмкіндік болу керек. 

Мен ауылымызды дамытудың бағдарламасын жасаймын, оған сәйкес төрт жыл ішінде мен және «АДАЛ» партиясындағы әріптестерім ауылымызды қалпына келтіруге, ауылымызды «Экономикалық бірлікке» айналдыруға көмектесеміз.

Ең алдымен, әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылым мәселелерін шешу қажет.

Екіншіден, бұл жұмыссыздық пен жұмыстың болмауы.

Біз осы және келесі жылы барлық жұмыссыздарды кәсіпкерлік сала бойынша және шағын несие алып мал шаруашылығын дамытуға жұмысқа орналастыруға болады деп есептейміз.

Сондықтан біздің нақты мақсатымыз мал шаруашылығын дамыту.

1) Ауылдағы барлық жұмыссыздарды ауданның жұмыспен қамту орталығымен салыстырамыз; 

2) Жұмыспен қамту орталығынан жұмыссыз мәртебесін алу және жәрдемақы алу үшін табылған барлық жұмыссыздарды базаға (ААЖ "Еңбек Нарығы") тіркеуді сұраймыз; 

3) Еңбек және жұмыспен қамту жол картасы бағдарламасы арқылы ауыл тұрғындарын уақытша жұмысқа орналастыру үшін ауданға өтінім жолдаймыз. Бұл 3-6 айлық жұмыс, яғни уақытша болса да табыс көзі.

4) Облыс, аудан колледждерімен біздің ауыл тұрғындарын тегін мамандықтарға (бухгалтер, тігінші, аспаз, жүргізуші және т.б.) оқытуға жұмыс жасаймыз.

5) Ал одан әрі біздің ауылдың бюджеттік ұйымдарына жұмысқа орналасуға немесе "Бастау" бағдарламасы бойынша 585 мың теңге сомасында грант алуға және өз ісін ашуға көмектесетін боламыз. Бұл грант, несие емес, оны қайтарудың қажеті жоқ, бірақ өз ісіңді бастау керек.

Үшіншіден, интернет және мобильдік байланыс: Кемер ауылында Қазақтелекем, актив, билайн интернет пен ұялы байланыс орнатылып, сапалы қамтамасыз етілген. Осы жүйе арқылы Шиқұдық, Қоңырат елдімекендері де байланыста. 

Ақкемер ауылы Қазақтелеком арқылы үй жағдайында байланыс орнатылған. 

Белсенді ауыл тұрғындарына пайда табуға көмектесеміз!

«ADAL» партиясы – бұл жастар мен мықты адамдар партиясы!  Мен өз ауылымның патриотымын! Бұл жұмыс оңай және тез болады деп ойламаңыздар, дегенмен, маған қолдау беріп әкім ретінде сайласаңыздар ауылымызды тек қана аудан емес, бүкіл облыс аумағында үлгілі етіп дамытуға жұмыс жасаймын!