Ойыл ауданы Саралжын ауылдық округі әкімідігіне үміткер Рабаева Марина Андрейқызының сайлау алды БАҒДАРЛАМАСЫ

Ойыл ауданы Саралжын ауылдық округі әкімідігіне үміткер Рабаева Марина Андрейқызының сайлау алды БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Респуликасының заңдарының Қазақстан Респуликасы Президенті мен үкіметі актілерінің орталық және жергілікті органдардың нормативтік құқықтық актілерінің орындалуын жүзеге асыру үшін қызмет жасаймын;
Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің уақытылы толық төленуін үйлестіруге атсалысамын;
Кәсіпкерлік қызметті дамытып, шаруа-фермер қожалықтарын ұйымдастырып, ауыл шаруашылығына арналған мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыру үшін жұмыс жасаймын;
Табысы төмен әлеуметтік жағынан аз қамтылған азаматтарға және мүгедектер мен қарттарға қолдау көрсетіп, оларға жасалатын қызмет түрлерін кеңейтуге ат салысамын;
Елді мекенді абаттандыру, жарықтандыру, көгалдандыру және санитарлық тазалау жұмыстарын іске асыруға көңіл бөлемін;
Бұқаралық спортты тұрғындар арасында жүргізе отырып, «Салауатты Қазақстан» азаматтарының қатарын көбейтуге күш саламын;
Денсаулық сақтау саласында дәрігерлік көмектің округ тұрғындары үшін қолжетімді сапалы болуын, ана мен бала денсаулығын басты назарымда болады;
Ауылшаруашылығы бойынша мал азығын молайту, суармалы егіс егу жұмыстарын өндіріске енгізуге қызмет жасаймын;
Ауылдың қабілетті жастарына қолдау көрсете отырып, олардың қоғамдық-саяси өмірге белсенді араласуына жағдай жасап, мәдени шараларды уақтылы, ұлттық салт- дәстүрге сай, жаңа технологиялық үрдісте өтілуін жүйелі жоспарға енгізу. Ауыл жастарының құқықтары мен заңды мүдделерінің сақталуын қадағалау, жаңа ашылған жұмыс орындарына олардың көптеп ор- наласуына, кәсіпкерлікпен айналысуына ықпал етемін;
Тұрмысы төмен отбасылар, мүгедектер, жалғызбасты аналар мен қарияларға жыл бойы қамқорлық жасаймын;
Мәдениет саласында патриотизм, ұлттық қасиеттерді насихаттауда мәдени шаралар өткізу, жастарды рухани жағынан тәрбиелеуді басты назарда ұстаймын;