Көптоғай ауылдық округі әкімдігіне үміткер Қуаныш Айсаұлы Сатығалиевтың сайлауалды бағдарламасы

Көптоғай ауылдық округі әкімдігіне үміткер Қуаныш Айсаұлы Сатығалиевтың сайлауалды бағдарламасы

Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ауылдық округ аумағындағы әкім құзыретіне кіретін жұмыстарды жауапкершілікпен атқарып, жергілікті жердегі әлеуметтік экономикалық даму мен саяси тұрақтылық сақталуына азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау бағытында өз білімім мен тәжірибемді жұмсаймын. Өскелең ұрпақтын бойында рухани адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру үшін жастарды қолдау, салауатты өмір салтын сақтауға шақыру жолында жұмыстанатын боламын.

Елді мекендерді абаттандыру, жарықтандыру, көгалдандыру және санитарлық тазалау жұмыстарын іске асыруға көңіл бөлемін. Ауыл ақсақалдарынан және ауылдың белсенді азаматтары мен ауыл активінен құрылған қоғамдық кеңес арқылы ауылдың тәртібін қадағалап, салауатты өмір салтын ұсынып, қиын мәселелерді бірігіп, ақылдасып шешуді ұйымдастырамын.

  1. Халықтың әл-ауқатын көтеру бағытында жұмыс жасап, әлеуметтік мәселелерді үнемі назарда ұстаймын.
  2. Қазақстан Республикасының заңдарының, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметі актілерінің, орталық және жергілікті мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілерінің орындалуын жүзеге асыру үшін қызмет жасаймын.
  3. Аз қамтылған, көп балалы отбасыларды, мүмкіндігі шектеулі жандарды назардан тыс қалдырмай, қамқорлық жасаймын.
  4. Округтің санитарлық тазалығын үнемі бақылауда ұстап, көгалдандыру мен абаттандыруға жұмыс жасаймын.
  5. Мемлекеттік бағдарламалары бойынша тұрғындар арасында нақты түсіндірмелер жүргізіп, олардың осы бағдарламалардан өз сыбағаларын алуға жұмыстар атқарамын.
  6. Ауыл шаруашылық теліміндегі жерлерді (шабындық, жайылым, егістік,т.б) ұтымды пайдалануды, иесі бар игерілмей жатқан жерлермен, бос иесіз жерлерді игеріп айналымға қосуды ұйымдастырамын.
  7. Жастарға – жол ашамыз! Жастар - ел болашағы! Біз халқымыздың бай рухани адами құндылықтарын өскелең ұрпаққа табыстауымыз керек! Бұл дамып келе жатқан әрбір қоғамның миссиясы! Жастардың білім, тұрғын үй, жұмыска орналасу тәрізді өзекті мәселесін шешуге қауқарлы жастар саясатын жүзеге асыру.
  8. Округ аумағында шағын және орта кәсіпкерлікті дамытуға, мемлекеттік бағдарламаларды толық пайдаланып, қосымша жұмыс орындарының ашылуына, кәсіпкерліктен түсетін салық көлемін ұлғайтуға үлес қосамын.
  9. Қазақстан Респуликасының заңдарының Қазақстан Респуликасы Президенті мен үкіметі актілерінің орталық және жергілікті органдардың нормативтік құқықтық актілерінің орындалуын жүзеге асыру үшін қызмет жасаймын. Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің уақытылы толық төленуін үйлестіруге атсалысамын. Кәсіпкерлік қызметті дамытып, ауыл шаруашылығына арналған мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыру үшін жұмыс жасаймын.
  10. Бұқаралық спортты тұрғындар арасында насихаттай отырып, «Салауатты Қазақстан» азаматтарының қатарын көбейтуге күш саламын. Округтегі денсаулық, білім, мәдениет саласының жұмысын үнемі қолдап, олармен түрлі ұйымдастыру жұмыстарын кеңінен жүргіземін.
  11. Ауыл жастарынының көкейтесті мәселелерін оңтайлы шешіп, жастарды ауылдық жерде тұрақтандырып, Қазақстан Республикасының белсенді патриотын тәрбиелеу үшін, ел болашағы жастармен жұмысты кешенді түрде жүргіземін және жастардың теріс діни ағымдардың ықпалынан, жат қылықтардан аулақ болуына бағыт –бағдар беруді басты назарда ұстаймын.