Ойыл ауданы Көптоғай ауылдық округінің әкімдігіне үміткер Аманғосов Артур Сарсенбаевичтің сайлауалды БАҒДАРЛАМАСЫ

Ойыл ауданы Көптоғай  ауылдық округінің әкімдігіне үміткер Аманғосов Артур Сарсенбаевичтің  сайлауалды  БАҒДАРЛАМАСЫ

Ата Заңымызда көрсетілгендей, еліміздің ең үлкен байлығы – АДАМ және оның құқықтары.
Менің сайлау алды бағдарламам қоғамдағы бүгінгі күні ең өзекті болып отырған төмендегідей мәселелерді шешуге негізделген:
Көптоғай ауылдық округінің әлеуметтік-экономикалық дамуы, өзекті мәселеллері бойынша түрлі деңгейдегі атқарушы, өкілетті органдар алдында мәселе көтеру, орындалуына ықпал ету;
Көптоғай ауылдық округінің тұрғындарына жаңа жер телімдерін беру бағытындағы жұмыстарды бақылауда ұстау, аталған аумақта инфрақұрылымның (ауыз су, жол, электр энергиясы) жүргізілуіне ықпал ету;
Көптоғай ауылдық округінің көркейту, көгалдандыру, абаттандыруына, көшелерге жол жүргізу, тротуарлар бордюрлар салуға қаржыны жеткілікті бөлуіне ықпал ету, көп жылдан бері ауылдық округтегі өзекті проблемаға айналған Ойыл өзенінің мәселесінің оң шешімін табуы бағытындағы жұмыстарды жүргізу;
Көптоғай ауылдық округінен шыққан дарынды жастарға (шығармашылық, өнер, ғылым, спорт т.б. салалар бойынша) қолдау көрсету, үздіктерді түрлі деңгейдегі бұқаралық ақпарат құралдары арқылы насихаттау, салауатты өмір салтын насихаттау, спорттың бұқаралығын арттыру мақсатында қаланың шет аймақтарында шағын спорт алаңдарының салынуына ықпал ету;
Округ жастарын ауылық жерлерге тұрақтандыру мақсатында жергілікті жас мамандарды тұрақты жұмыспен қамтып, әлеуметтік мәселелерінің оңтайлы шешілуіне атсалысу;
Көптоғай-Ойыл көтерме жолының құрылысын аяқтау.
2017-2018 жылдары Ойыл ауданы әкімі аппаратында төтенше жағдайлар мен жұмылдыру дайындығы, азаматтық қорғаныс жөнінде бас маман болып қызмет атқарған.
2018 жылдан бастап осы күнге дейін төтенше жағдайлар мен жұмылдыру дайындығы, азаматтық қорғаныс жөнінде бас инспекторы болып қызмет атқаруда.