Ескерткішке гүл шоқтарын қойды

Ескерткішке гүл шоқтарын қойды

Тарих кеші үнемі жаңаланып отырады. Десе де, ұмытылмайтын, ескірмейтін тарихи оқиғалар бар. Соның бірі екінші дүниежүзілік соғыстың қасіреті мен Ұлы Жеңістің қасиетін, батыр ағаларымыз бен апаларымыздың ерлігін ешкім де ешқашан да ұмытпақ емес. Әлемді дүр сілкіндірген оқиға 1941 жылы маусымның 22-де басталған еді. Төрт жылға жуық уақытқа созылған соғыс 1945 жылы 9 мамырда Ұлы Жеңіспен аяқталды. Міне, содан бері 76 жыл мерзім уақыт өтті. Бүгін аудан әкімі Асқар Қазыбаев майдангерлердің ерлігіне тағзым етіп, Ойыл селосындағы "Ұлы Отан соғысынан оралмағандарға арналған ескерткішке" гүл шоқтарын қойды.