Ойыл аудандық жер қатынастары бөлімінің басшысын тағайындау

Ойыл аудандық жер қатынастары бөлімінің басшысын тағайындау

Аудан әкімінің  2021 жылғы 6 сәуірдегі №171 өкіміміен «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңының 15-бабының 1-тармақшасына және 27 бабының 5-тармағына сәйкес Туремуратов Маулен Оралұлы 2021 жылғы «7» сәуірден бастап конкурстық комиссияның оң қорытындысын алуына орай «Ойыл аудандық жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің E-R-1 санатындағы бөлім басшысы лауазымына тағайындалды.



Туремуратов Маулен Оралұлы - 1986 жылы 1 маусымда Ақтөбе облысы Ойыл ауданы Ойыл ауылында дүниеге келген. Білімі - жоғары, 2007 жылы Алматы экономика және статистика академиясын "Қаржы" мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 2007 жылдың 1 қарашасынан бастап Ойыл аудандық пошта байланыс торабынан бастаған.

2008-2009 жж. - "Ойыл аудандық жер қатынастары бөлімі" мемлекетік мекемесінде жетекші маманы;
2009-2012 жж. - "Ойыл аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесінде жетекші маман, бас маман қызметтерін атқарған.
2012-2020 жж. - "Ойыл аудандық жер қатынастары бөлімі" мемлекетік мекемесінде бас маман,

2020 ж.маусым -2020ж. желтоқсан айларында - Ойыл ауданы әкімі аппаратының мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелерін үйлестіру және ақпараттандыру бөлімінің басшысы қызметін атқарған.

2020 жылдың желтоқсан айынан бастап қазіргі уақытқа дейін Ойыл ауылдық округі әкімінің орынбасары лауазымын атқарып келді.

Отбасылы, 2 қыз, 1 ұл тәрбиелеп отыр.