Ойыл аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысын тағайындау

Ойыл аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысын тағайындау

Аудан әкімінің  2021 жылғы 6 сәуірдегі №170 өкіміміен «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңының 15-бабының 1-тармақшасына және 27 бабының 5-тармағына сәйкес Ербазиев Айбат Түгелбайұлы 2021 жылғы «7» сәуірден бастап конкурстық комиссияның оң қорытындысын алуына орай «Ойыл аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің E-R-1 санатындағы бөлім басшысы лауазымына тағайындалды.

 

Ербазиев Айбат Түгелбайұлы 1994 жылы 4 наурызда Ақтөбе облысы, Ойыл ауданы, Ойыл ауылында дүниеге келген.

Білімі жоғары. 2015 жыл - Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетін «Мұнай газ ісі», 2018 жыл - С.Байшев атындағы Ақтөбе университетін «Экономика» мамандықтары бойынша тәмамдаған.

Еңбек жолын 2016-2017 жылдары Мұғалжар аудан әкімі аппаратында техник-инспектор болып бастаған.

2017 ж. қаңтар -2018 ж. ақпан айлары аралығында Мұғалжар ауданы әкімінің аппаратында құжаттамалық және қаржы шаруашылық жұмысының жетекші маманы қызметін атқарған.

2018 ж.ақпан – қараша айларында «Ақтөбе қаласындағы Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Геология және жер қойнауын пайдалану комитетінің «Батысқазжерқойнауы» Батыс Қазақстан өңіраралық геология және жер қойнауын пайдалану департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесі мемлекеттік теңгерім және геологиялық қорлар бөлімінде  бас маман қызметінде болған.

2018 ж.қараша – 2019 ж. шілде айлары аралығында Ойыл аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің бас маманы қызметін атқарған.

2019 шілде айынан бастап қазіргі уақытқа дейін Ойыл аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің сектор меңгерушісі қызметін атқарып келді.

Отбасылы, 1 қыз тәрбиелеп отыр.