2021 жылдың 31 наурызы күні Ойыл ауданының білім бөлімінің ұйымдастыруымен кәмелетке толмағандар арасындағы суицидтің, ерте жүктіліктің, оларға қатысты зорлық-зомбылықтың алдын алу мақсатында мүдделі органдарды қатыстыра отырып ата-аналарға, білім беру ұйымдарының тәрбие жұмысы орынбасарларына, мектеп психологтарына онлайн форматта жиналыс өткізілді. Жиналысқа аудандық әдістемелік кабинет әдіскерлері С. Досымбаева, А. Наурызова, аудандық аурухананың салауатты өмір салтын қалыптастыру кабинетінің маманы А.Майлыбаева және аудандық полиция бөлімінің қызметкері Т. Қубышев қатысты. Жиналыста А. Майлыбаева суицидтің алдын алуға байланысты әдістерді, өмірдің маңыздылығы туралы және ерте жүктіліктің алдын алу бойынша ақпарат беріп, Т. Қубышев оқушыларға ата-ана тарапынан бақылаудың болуы, отбасындағы тәрбие және құқықтық мәселелер туралы кеңінен түсіндірді.
@oiyl_akimat
@bilim_akimat
@oiyl_rb_aktobe
@policeuil