АУҒАН СОҒЫСЫНЫҢ АРДАГЕРЛЕРІМЕН КЕЗДЕСУ.

АУҒАН СОҒЫСЫНЫҢ АРДАГЕРЛЕРІМЕН КЕЗДЕСУ.

Ойыл аудандық жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен, 11 ақпан күні "Шұғыла"  мәдениет және демалыс орталығында ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына, Кеңес әскерінің Ауған жерінен шығарылғанына 32 жыл толуына орай, "ЖАСТЫҒЫН ЖАЛЫН ШАРПЫҒАН" тақырыбында Ауған соғысының ардагерлерімен кездесу өтті. Кездесуге кеш қонақтары  Ауған соғыс ардагері Тоқпанбетов Абай мен Сағатов Болат ағамыз,  Ойыл аудандық ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Атағалиев Нұрлан қатысты. Кешке Ойыл ауданы жастары, мектеп оқушылары, округ жастары қатынасты. Шара барысында ардагерлер жастарға ақыл-кеңесін айтып, сұм-соғыстың болмауын тіледі. Жастарға патриоттық ой-сана қалыптастырар келелі кездесу спорттық шараға жалғасты. Спорттық шара 4 кезеңнен тұрды. 1.Автомат шашып-жинау. 2.Қол күрес. 3.Гір тасын көтеру. 4.Арқан тартыс. Бұл сайыста ауылдық округ жастары және Ойыл аграрлық колледжі жастары бақ сынады. Жарыс тартысты өтті. Жарыс соңында жетістікке жеткен командаларға тоқтала кетсек.
Жарыста 1- орын иеленген Ойыл аграрлық колледжі жастары, Қайынды ауылдық округі 2 орын,Сарбие ауылдық округі 3 орынға ие болды. Қалған қатысушы командалар Берсиев ауылдық округі,Ақкемер елді-мекені,Амангелді орта мектебі,Қараой ауылдық округі алғыс хатпен сыйлық табысталды. Кездесу соңы әсем әнмен аяқталды.