КОРОНАВИРУСҚА ҚАРСЫ ЕКПЕ ТУРАЛЫ ТҮСІНДІРМЕ ЖҰМЫСТАРЫ.

КОРОНАВИРУСҚА ҚАРСЫ ЕКПЕ ТУРАЛЫ ТҮСІНДІРМЕ ЖҰМЫСТАРЫ.

Аудан әкімінің орынбасары Айдарбаев Мұратбай Болатұлының төрағалығымен, бас дәрігердің емдеу ісі жөніндегі орынбасары Арыстанова Нұрбану Бақтығалиқызы, Ойыл аудандық санитарлық эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы Құбаев Ғарифолла Антонұлы, аудандық музыка мектебінің қызметкерлеріне коронавирусқа қарсы екпе туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Екпенің маңыздылығы мен оның құрамы, жүргізілу тәртібі, сондай-ақ, еліміздегі қазіргі эпидемиологиялық жағдайға толығымен тоқталып, қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берілді. Пандемиямен күресудің ең тиімді жолы- вакцина екендігін ескере отырып, ақпараттық оқу материалдары таратылды.