ОЙЫЛ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ ҚАЗЫБАЕВ АСҚАР ҚАЙЫРҒАЛИҰЛЫНЫҢ ҚАБЫЛДАУЫ

ОЙЫЛ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ ҚАЗЫБАЕВ АСҚАР ҚАЙЫРҒАЛИҰЛЫНЫҢ ҚАБЫЛДАУЫ

Ойыл аудандық әкімдігінің «Ақтөбе — адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің «Оpen space» форматындағы кабинетінде аудан әкімі Қазыбаев Асқар Қайырғалиұлы, мемлекеттік орган басшыларының қатынасуымен азаматтарға жеке қабылдау жүргізді.
Өтініштердің біршамасы тұрғын-үй, жұмыс және жер мәселелері болды. Барлық түскен өтініштерге Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасы аясында түсініктемелер беріліп, заңдылығына сәйкес қарау үшін мемлекеттік органдарға жолданды.
«Ақтөбе – адалдық алаңы» жобалық кеңсесі аясында тұрғындарды қабылдаудың маңызы зор. Бұл — ашықтық пен жариялылық қағидатын ұстанатынымыздың тағы бір дәлелі. Қабылдауға келген әр тұрғынның мәселесі бақылауымызда болады. Себебі, халықтың әл-ауқатын арттыру – басты міндетіміз.