Ойыл ауылдық округінің әкімі С.Даулеткалиевтің тұрғындар алдында есеп беруі

Ойыл ауылдық округінің әкімі С.Даулеткалиевтің тұрғындар алдында есеп беруі

Ойыл ауылдық округінің әкімі С.Даулеткалиевтің тұрғындар алдында есеп беру кездесуі бүгін округке қарасты Қаракемер, Ақшатау елді мекендерінде жалғасып, елді мекен аумағында өткен жылы атқарылған жұмыстарды баяндап, алдағы міндеттерді жеткізді. Жиынға аудан әкімінің орынбасары Кенжебаев Асылан Кенжебайұлы, ауданның мекеме басшылары қатысып, тұрғындар тарапынан көтерілген мәселелерге орай тиісті жауап беріліп, есеп беру жиыны қанағаттанарлық деп бағаланды.