ШАҒЫН АУЫЛДА АУҚЫМДЫ ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСАДЫ

ШАҒЫН АУЫЛДА АУҚЫМДЫ ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСАДЫ

ЖЫЛДАҒЫ ДӘСТҮР БОЙЫНША ӘКІМДЕРДІҢ ХАЛЫҚ АЛДЫНДА ЕСЕП БЕРУ КЕЗДЕСУЛЕРІ БИЫЛ ҚАҢТАР АЙЫНЫҢ ЕКІНШІ АПТАСЫ, ЖҰМА КҮНІ БАСТАЛДЫ. СОЛ КҮНІ АУДАН ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ МҰРАТБАЙ АЙДАРБАЕВ БІРҚАТАР МЕКЕМЕ БАСШЫЛАРЫМЕН БІРГЕ КӨПТОҒАЙ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНІҢ ӘКІМІ ЕРЛАН АСЫЛБАЕВТЫҢ ШҰБАРШИ ЕЛДІ МЕКЕНІ ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ АЛДЫНДА ЖЫЛ БОЙҒЫ АТҚАРЫЛҒАН ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ ЕСЕБІН ТЫҢДАДЫ.
Ауыл әкімінің есеп беру жиыны сантитарлық талаптарға сай өткізілді. Қолдарына антисептік сеуіп, бетперделерін мұқият қымтай жапқан шұбаршиліктер арақашықтықты сақтай отырып, Ерлан Базарбайұлының атқарған жұмыстарына құлақ түрді. Тышқан жылында алдына қойған басты міндеттері мен жоспарларын кезең-кезеңімен баяндаған ауыл әкімі Ерлан Базарбайұлының өткен жылы атқарған жұмыстары жетерлік. Мәселен жасалған жұмыстардың бірқатарына тоқтала кетсек, Шұбаршиде ұялы байланыс жоқ болғандықтан билайн ұялы байланыс орнату үшін мұнара қондырған. Сонымен қатар ауыл маңындағы күл-қоқыс төгетін орынның айналасы тазартылып, ауылға қосымша жарық шамдары орнатылған. Ауыл тұрғындары «Біз біргеміз» акцияларына белсенді қатынасқан. Екі адам 555 мың теңге көлемінде қайтарымсыз грант ұтып, кәсіп ашып отыр. Ауыл әкімінің айтуынша жалпы округте жылқы таңбалау жұмыстары мардымсыз. Өйткені бұл жұмыстарға тікелей тұрғындардың өздері немқұрайлылық танытқан. Тағы бір айта кетерлігі соңғы жылдары Көптоғайда мал азығының тапшылығы байқалады. Өйткені Ойыл өзенінің тасымауы салдарынан шөптің шығымы төмендеп, мал азығының 70-80 пайызы сырттан тасымалданған. Бұл ауылдағы қордалы мәселелердің бірі ауыз су. Бұған дейін ұңғымалы құдықтың суын тұтынып келген тұрғындардың ауыз су мәселесіне байланысты Шұбарши халық саны 200-ден аспайтын шағын ауылдардың бірі болғандықтан 2022 жылы кешенді блок-модуль орнату жоспарланып отыр. Ал, көптің көкейіндегі көгілдір отынмен қамту мәселесі көп қаржыны қажет ететіндіктен газ тарту үшін әзірге жобалық сметалық құжаттарын дайындау жұмыстары ғана жүзеге асады.
Бұл туралы Ойыл аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомиль жолдары бөлімінің басшысы Таңат Нұрымгереев мәлім етті.