Ш.Берсиев атындағы Ойыл аудандық өлкетану музейінің ұйымдастыруымен «Шұғыла» мәдениет және демалыс орталығында Ойыл ынталы тобының төрағасы, тарихшы Нұрлан Нұрымжанұлы Жұмағалиевпен кездесу өткізілді.

Ағымдағы жылдың 15 қаңтар күні Ойыл аудандық жастар ресурстық орталығы және Ш.Берсиев атындағы Ойыл аудандық өлкетану музейінің ұйымдастыруымен «Шұғыла» мәдениет және демалыс орталығында Ойыл ынталы тобының төрағасы, тарихшы Нұрлан Нұрымжанұлы Жұмағалиевпен кездесу өткізілді. Кездесуге Ойыл ауданы әкімінің орынбасары Мұратбай Болатұлы, ауыл ақсақалдары, мектеп директорлары, барлық ауылдық округтен тарих пәні мен биология пәнінің мұғалімдері,белсенді жастар қатынасты. Кездесу барысында Нұрлан Нұрымжанұлы мен Ш.Берсиев атындағы Ойыл аудандық өлкетану музейінің директоры Балкия Тлеужановна ауданның тарихы жөнінде тағыда кітап шығару жоспарда бар екенін айтып, жиналған мәліметтеріді таныстырса, Ойыл ауданы әкімінің орынбасары Мұратбай Болатұлы барлық ауылдық округтен келген жастарға ауыл ақсақалдарының үйлерін аралап, қажетті мәліметтерді жинап қолдау көрсету керектігі және ағалар ісін жалғастыру төңірегінде сөз қозғады