Караой ауылдық округі әкімінің есептік кездесуі

Караой ауылдық округі әкімінің есептік кездесуі

2021 жыл 19 қаңтар күні аудан әкімінің орынбасары Айдарбаев Мұратбай Болатұлының қатысуымен Қараой ауылдық округі әкімінің Құбасай ауылы тұрғындары алдындағы есеп беру кездесуі өтті. Қараой ауылдық округінің әкімі А.Сұлтанов ауылдық округ бойынша атқарылған жұмыстарды кезең-кезеңімен баяндап, өткен жыл бойынша елді мекенде жасалған жұмыстар мен ауылдың негізгі мәселелері бойынша кеңірек мәлімет беріп өтті. Кездесу барсында, есеп беру жиынына арнайлап келген аудандағы мекеме басшылары, өз салалары бойынша өзекті мәселелермен таныстырып шықты. Тұрғындар тарапынан келіп түскен жазбаша сұрақтарға аудан басшылары тиісінше жауап беріп, тұрғындардың өтініштері алдағы жылдың жұмыс жоспарларына енгізілетіндігін сөзге тиек етіп айтып өтті.