ӘЛЕУМЕТТІК НЫСАНДАРДЫҢ ЖҰМЫСЫ – НАЗАРДА

ӘЛЕУМЕТТІК НЫСАНДАРДЫҢ ЖҰМЫСЫ – НАЗАРДА

🔹️Ойыл ауданының әкімі Сәкен Займолдин аудан орталығындағы бірқатар әлеуметтік нысанды аралап, олардың бүгінгі жағдайымен және атқарылып жатқан жұмыстарымен танысты.

Аудан басшысы жұмыс сапары барысында:

📍 Ойыл аудандық Жастар ресурстық орталығы;
📍Ойыл аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесі;
📍 Ойыл аудандық «Шұғыла» мәдениет және демалыс орталығы;
📍Ойыл ауданының "Мансап" орталығы;
📍 Ойыл аудандық ветеринария станциясы;
📍 Ойыл аудандық мемлекеттік архиві;
📍 Ш. Берсиев атындағы Ойыл аудандық өнер және өлке тарихы музейі
сияқты маңызды әлеуметтік нысандардың жұмысын көрді.

🔸️Әр нысанда аудан тұрғындарына көрсетілетін қызметтердің сапасы, мекемелердің материалдық-техникалық жағдайы, күнделікті жұмыс барысы және алдағы жоспарлар талқыланды.

Жастармен жұмыс, мәдениет пен өнерді дамыту, кітапхана қызметін жетілдіру, халықты жұмыспен қамту, ветеринариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, тарихи-мәдени мұраны сақтау секілді маңызды бағыттарға ерекше назар аударылды.

🔹️«Әрбір әлеуметтік нысанның жұмысы – тұрғындардың күнделікті өмірімен тікелей байланысты. Сондықтан басты міндет – халыққа сапалы қызмет көрсету және туындаған мәселелерді дер кезінде шешу», – деді аудан әкімі.

🔸️Аралау барысында анықталған мәселелер бойынша жауапты сала және мекеме басшыларына нақты тапсырмалар берілді. Әрбір тапсырманың орындалу мерзімі мен сапасына ерекше мән беріліп, белгіленген жұмыстарды уақытылы аяқтау тапсырылды.

📌 Тұрғындарға қолайлы жағдай жасау, әлеуметтік нысандардың жұмысын жетілдіру және көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру – аудан әкімдігінің басты назарындағы бағыттардың бірі.

Ауданның әлеуметтік саласын дамыту жолындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғаса береді!