АУДАН ӘКІМІ ДЕРБЕС ҚАБЫЛДАУ ӨТКІЗДІ

АУДАН ӘКІМІ ДЕРБЕС ҚАБЫЛДАУ ӨТКІЗДІ

Ойыл ауданының әкімі С. Займолдин бөлім басшыларымен дербес қабылдау өткізді.

🔹️Қабылдауға тұрғын сәулет, құрылыс тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі, ауыл шаруашылығы, ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт, қаржы, сондай-ақ білім бөлімдерінің басшылары қатысты.

🔸️Кездесу барысында бөлім басшылары өз салалары бойынша атқарылып жатқан жұмыстар жөнінде баяндап, алдағы міндеттер мен жүзеге асырылатын жұмыстар туралы ақпарат берді.

🔹️Аудан әкімі жауапты бөлім басшыларына жұмыстарды сапалы әрі уақтылы орындау, көтерілген мәселелерді назарға алып, тиісті шаралар қабылдау жөнінде тапсырмалар берді.